Жария шарт-оферта
«Ломбард «Магнит» ЖШС заңды тұлғасы
(бұдан әрі – Орындаушы)
Осы жария оферта (бұдан әрі – Оферта) Орындаушы мен қызметтерді пайдаланушы – жеке тұлға (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) арасында жасалған, Орындаушының ресурстарын пайдалана отырып қызметтерді сатып алу және көрсету шарттарын айқындайтын Шарт болып табылады.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Орындаушы осы Офертаны Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 395, 396 және 447-баптарына сәйкес жеке тұлғаларға арналған ұсыныспен жариялайды. Орындаушы заңды тұлғаларға қызмет көрсетпейді.
1.2. Осы Оферта, кез келген Шарт сияқты, Орындаушы мен Тапсырыс беруші (Офертаны акцептеген тұлға) арасындағы өзара іс-қимылдың елеулі шарттарын айқындайды.
1.3. Осы Оферта Орындаушы мен Тапсырыс беруші арасында қызмет көрсетуге тапсырыс ресімделген сәтте жасалады.
1.4. Офертаны lombard-magnit.com сайтында көрсетілген қызметтер тізбесіне сәйкес Орындаушы көрсететін қызметтерге тапсырыс беруге (сатып алуға) ниеті бар, Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген жеке тұлға қабылдай алады.
1.5. Тапсырыс беруші офертадағы барлық шарттарды тұтастай (яғни толық көлемде және ешбір алып тастаусыз) сөзсіз қабылдайды.
1.6. Осы Офертаның шарттарын қабылдаған жағдайда жеке тұлға Тапсырыс беруші болады.
1.7. Орындаушының жеке тұлғадан осы Офертада ұсынылған шарттармен қызметтерге тапсырыс беру ниеті туралы хабарламаны алуы акцепт болып табылады.
1.8. Оферта, оған енгізілген барлық өзгерістер, оның қосымшалары, сондай-ақ Орындаушының қызметтері туралы барлық қосымша ақпарат lombard-magnit.com сайтында жарияланған.
2. ОРЫНДАУШЫ САЙТЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ
2.1. Сайт Орындаушының меншігі болып табылады және қызметтерді интернет желісі арқылы қашықтан көрсету тәсілін ұйымдастыруға арналған.
2.2. Офертаны акцептегеннен кейін (яғни Орындаушының сайтында ресімделген тапсырысқа ақы төлегеннен кейін) Тапсырыс беруші lombard-magnit.com сайтында орналастырылған Орындаушының қызмет көрсету шартында айқындалған шарттармен және тәртіппен қызметтерді алады.
2.3. Орындаушы Тапсырыс беруші Орындаушының сайтында тапсырысты ресімдеу кезінде ұсынған ақпараттың мазмұны мен дұрыстығы үшін жауап бермейді.
3. ТАПСЫРЫС БЕРУШІНІҢ МӘРТЕБЕСІ
3.1. Тапсырыс беруші тапсырысты ресімдеу кезінде ұсынылған ақпараттың дұрыстығы және оның үшінші тұлғалардың талаптарынан тазалығы үшін жауап береді.
3.2. Тапсырыс беруші тапсырысты ресімдеу кезінде «Шарт талаптарын толық оқып шықтым, Шарттың барлық талаптары маған түсінікті, Шарттың барлық талаптарымен келісемін» деген жолға белгі қою арқылы осы Офертада белгіленген шарттармен келісетінін растайды.
3.3. Тапсырыс беруші ұсынған ақпарат құпия болып табылады. Тапсырыс беруші өзінің дербес деректерін ұсына отырып, сайтта тіркеле отырып немесе өтінімді толтыру кезінде пайдаланушылық келісімді орындау мақсатында өзінің дербес деректерін өңдеуге өз әрекеттерімен келісім береді. Орындаушы Тапсырыс беруші туралы ақпаратты тек Орындаушының жұмыс істеуі мақсатында (Тапсырыс берушіге тапсырыстың орындалуы туралы хабарлама жіберу және т.б.) және осы Офертада көрсетілген жағдайларда пайдаланады.
3.4. Қызметтерді Тапсырыс беруші кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес жеке, отбасылық, үй-тұрмыстық қажеттіліктері үшін ғана сатып алады. Қызметтерді қарау және таңдау, сондай-ақ тапсырысты ресімдеу үшін Орындаушының сайтын (ресурсын) пайдалану Тапсырыс беруші үшін өтеусіз болып табылады.
4. ОФЕРТАНЫҢ МӘНІ
4.1. Орындаушы Тапсырыс берушінің тапсырыстары негізінде оған қызметтерді Орындаушы сайтта немесе Тапсырыс беруші мен Орындаушы арасындағы шартта (егер ондай шарт болса) белгілеген шарттарға сәйкес және бағалар бойынша сатады.
4.2. Тапсырыс беруші тапсырыс берген және ақы төлеген қызметтерді Орындаушы немесе Орындаушы өз міндеттемелерін орындау үшін тартқан үшінші тұлғалар көрсетеді.
4.3. Тапсырыс беруші мен Орындаушы арасындағы қатынастарға ҚР АК, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының ережелері, сондай-ақ осы Офертада көрсетілген Тараптардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері қолданылады.
4.4. Орындаушы Тапсырыс берушінің Орындаушы ұсынған шарттармен қызметтерге тапсырыс беру ниеті туралы хабарламаны алған сәттен бастап жеке тұлға Офертаның және оның қосымшаларының барлық шарттарын толық көлемде және ешбір алып тастаусыз қабылдады (акцепт) деп есептеледі. Оферта акцептелген жағдайда жеке тұлға Орындаушымен Қызмет көрсету шартын жасасты деп есептеледі және Тапсырыс беруші мәртебесіне ие болады.
5. ШАРТ ЖАСАСУ ТӘРТІБІ
5.1. Тапсырыс беруші Қызмет көрсету шартының талаптарымен тапсырысты Орындаушының сайтында өз бетінше не сайтта көрсетілген телефон арқылы Орындаушының маманы арқылы ресімдей алады.
5.2. Орындаушының сайтында тапсырысты ресімдеу кезінде Тапсырыс беруші мынадай деректерді ұсынуға міндетті:
• Т.А.Ә.;
• ЖСН;
• егер қызмет шартқа байланысты болса, шарттың нөмірі;
• Тапсырыс берушінің байланыс телефоны.
5.3. Тапсырыс берушінің ерік білдіруі оның Орындаушының сайтындағы тапсырыс нысанына тиісті деректерді енгізуі не Орындаушының маманы арқылы өтінім беруі арқылы жүзеге асырылады.
5.4. Орындаушы Тапсырыс беруші туралы ақпаратты өңдемейді (түзетпейді).
5.5. Қызмет көрсету шартының қағаз данасын алу үшін Тапсырыс беруші Орындаушыға өтінім жібереді.
6. ТАУАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
6.1. Орындаушының қызметтері туралы ақпарат Орындаушының сайтында Орындаушының меншігі болып табылатын графикалық бейнелер мен ақпарат арқылы көрсетіледі.
6.2. Әрбір графикалық бейне қызметтердің атауы, бағасы және сипаттамасы көрсетілген мәтіндік ақпаратпен сүйемелденеді.
6.3. Орындаушының сайтында ұсынылған барлық ақпараттық материалдар анықтамалық сипатта болады және қызметтердің қасиеттері мен сипаттамалары туралы ақпаратты толық көлемде бере алмайды. Тапсырыс берушіде қызметтердің қасиеттері мен сипаттамаларына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Тапсырыс беруші тапсырысты ресімдеуге дейін сайтта көрсетілген телефондар бойынша Орындаушының маманына жүгінуге тиіс.
6.4. Тапсырыс берушінің өтініші бойынша Орындаушының маманы (телефон арқылы немесе электрондық пошта арқылы) Тапсырыс берушінің көзқарасы бойынша оның қызметтерге тапсырыс беру туралы шешім қабылдауы үшін қажетті және жеткілікті өзге де ақпаратты беруге міндетті.
7. ҚЫЗМЕТТЕРДІ САТЫП АЛУ (ТАПСЫРЫС БЕРУ) ТӘРТІБІ
7.1. Тапсырыс беруші Орындаушының сайтында ұсынылған, мүлікті беруді көздемейтін қызметтердің кез келген түріне тапсырыс ресімдеуге құқылы. Қызметтің әрбір түріне кез келген мөлшерде тапсырыс берілуі мүмкін. Көрсетілген қағидадан ерекшеліктер қызметтің әрбір түрінің сипаттамасында көрсетіледі.
7.2. Тапсырыс сайтта өз бетінше ресімделуі мүмкін.
7.3. Орындаушының сайтында ұсынылған қызметті көрсету мүмкін болмаған жағдайда, Орындаушының маманы бұл туралы Тапсырыс берушіге Орындаушының сайтында хабарлауға міндетті.
7.4. Қызмет көрсету мерзімі Тараптардың келісімі бойынша белгіленеді және/немесе Тапсырыс беруші мен Орындаушы арасында жасалған Шартпен айқындалады.
8. ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БАҒАСЫ
8.1. Орындаушының сайтында көрсетілген баға Қазақстан Республикасының теңгесімен көрсетілген.
8.2. Сайтта көрсетілген бағаны Орындаушы біржақты тәртіппен өзгертуі мүмкін, бұл ретте Тапсырыс беруші тапсырыс берген және ақы төлеген қызметтердің бағасы өзгертілмейді.
8.3. Қызметтердің құны Тапсырыс беруші мен Орындаушы арасында бұрын жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша айқындалады.
8.4. Орындаушы өткізген сауда-саттық бойынша қызметтердің құны Сауда-саттық қағидаларымен және Тапсырыс берушімен айқындалады.
9. ҚЫЗМЕТТЕРГЕ АҚЫ ТӨЛЕУ
9.1. Ақы төлеу тәсілдері мен тәртібі сайттың «Төлем» бөлімінде көрсетілген. Қажет болған жағдайда тапсырысқа ақы төлеу тәртібі мен шарттарын Тапсырыс беруші Орындаушының маманымен келіседі.
9.2. Қолма-қол ақшамен төлеген кезде Тапсырыс беруші қызметтерге ақы төлеуге арналған шот жазылып, Тапсырыс берушіге берілген сәтте тапсырыстың бағасын Орындаушының өкіліне ақша беру арқылы Орындаушыға төлеуге міндетті.
9.3. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы төлем ресімделген шотқа сәйкес осындай шот жазылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Ақша қаражаты Орындаушының шотына түскеннен кейін Орындаушының маманы Тапсырыс берушімен қызмет көрсету мерзімдерін келіседі. Қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде Тапсырыс берушінің тапсырыс бағасын төлеу жөніндегі міндеті тиісті ақша қаражаты Орындаушы көрсеткен ағымдағы шотқа есепке жатқызылған сәттен бастап орындалды деп есептеледі.
9.4. Тапсырыс беруші тапсырысқа Орындаушының сайтында қолжетімді кез келген тәсілмен ақы төлейді.
9.5. Тапсырысқа ақы төлеу кезінде Тараптардың есеп айырысулары Қазақстан Республикасының теңгесімен жүзеге асырылады.
10. ТАУАРДЫ ҚАЙТАРУ
10.1. Тапсырыс беруші «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңында көзделген тәртіппен және шарттармен қызметтерден бас тартуға құқылы.
10.2. Тапсырыс беруші тиісінше орындалған (көрсетілген) қызметтерден бас тартуға құқылы емес.
10.3. Тапсырыс беруші қызметтерден бас тартқан кезде Орындаушы Тапсырыс берушіге Орындаушының шығыстарын шегере отырып, шартқа сәйкес Орындаушыға төленген соманы қайтарады.
11. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
11.1. Тараптар ҚР заңнамасына сәйкес жауапты болады.
11.2. Орындаушы Тапсырыс берушіге оның Орындаушының сайтында тапсырыс берілген қызметтердің нәтижелерін тиісінше пайдаланбауы салдарынан келтірілген залал үшін жауап бермейді.
11.3. Тараптар еңсерілмейтін күш мән-жайлары әрекет еткен уақыт ішінде Оферта бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
12. ӨЗГЕ ДЕ ШАРТТАР
12.1. Тапсырыс беруші мен Орындаушы арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған нормалар қолданылады.
12.2. Қажет болған жағдайда Орындаушы мен Тапсырыс беруші кез келген уақытта осы Офертаның ережелеріне қайшы келмейтін жазбаша екіжақты келісім нысанында қызмет көрсету шартын ресімдеуге құқылы.
12.3. Тапсырыс беруші тарапынан сұрақтар мен наразылықтар туындаған жағдайда, ол Орындаушыға Орындаушының орналасқан жерінің мекенжайы бойынша: Шымкент қ., Жібек жолы к-сі, 30/7 және/немесе Орындаушының сайтында көрсетілген телефон нөмірі бойынша жүгінуге тиіс.
12.4. Осы Оферта Тапсырыс беруші оны акцептеген күннен бастап күшіне енеді және Тараптар ол бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады.
12.5. Тараптардың осы Оферта бойынша міндеттемелерді орындауы кезінде туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі, ал оларды келіссөздер арқылы реттеу мүмкін болмаған жағдайда, Тараптар мұндай дауларды шешу үшін Орындаушының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының сот органдарына жүгінуге құқылы.
12.6. Орындаушы өз қалауы бойынша сайттағы қызметтердің жалпы ұсынысын кеңейту және қысқарту, кез келген қызметтерге тапсырыс беруге қолжетімділікті реттеу, сондай-ақ кез келген қызметтерді сатуды тоқтата тұру немесе тоқтату құқығын өзіне қалдырады.
13. ОРЫНДАУШЫНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Атауы: «Ломбард «Магнит» ЖШС
Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Жібек жолы к-сі, 30/7
БСН: 1011 4000 0056
