Ломбард "Магнит"

Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.,
Жібек-Жолы к., 30/7

кепілдік кішігірім несиелер:
- алтын зергерлік бұйым 330 күнге дейін
- автокөліктер 330 күнге дейін
- мобилді құрылғылар 330 күнге дейін
- ноутбуктар 330 күнге дейін

Сайтты пайдалана отырып, сіз келесі құжаттармен келісесіз: Cұрақ-жауап, Жария шарт-оферта, Жеке деректердің құпиялылық саясаты, Пайдаланушы келісімі, Ақшаны және тауарларды қайтару саясаты

Cұрақ-жауап

Мерзімінен бұрын ішінара өтеуге бола ма?
Иә, мерзімі өткен төлемдердің бар-жоғына қарамастан.

Ішінара өтегенде сыйақы сомасы қайта есептеле ме?
Иә, сыйақы негізгі борыштың қалдығына есептеледі, сондықтан ішінара өтегеннен кейін ол азаяды. Сіздің тарифіңіз бойынша қанша болатынын «Калькулятор» мен «Менің қарызым» көрсетеді.

Мерзімінен бұрын толық өтеуге бола ма?
Иә. Толық өтеу сомасына мерзімі өткен барлық төлемдер (болса), қарыздың нақты мерзіміндегі сыйақы сомасы, өсімпұл бойынша борыш (болса) және негізгі борыштың қалдығы кіреді.

Ішінара өтегенде кепілдің бір бөлігін алуға бола ма?
Жоқ, кепіл мүлкінің бәрі тек толық өтегенде ғана қайтарылады.

Қандай кепіл қабылдайсыздар?
Кепілге кез келген түсті 585 және 750 сынамалы алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарды; ақаусыз, зауыттық қорабы мен сатып алу туралы фискалдық чегі бар ұялы телефондарды, планшеттерді, ноутбуктерді, мониторларды, теледидарларды; жұмыс істейтін үстел компьютерлерін; жұмыс күйіндегі автокөліктерді (жүргізу құқығымен немесе онсыз) қабылдаймыз.